Димаш Құдайбергеннің «Знай» атты клипі жарық көрді

Әнші Димаш Құдайбергеннің «Знай» әніне түсірілген клипі жарық көрді. Әннің музыкасын Ресей композиторы Игорь Крутой, сөзін Михаил Гуцериев жазды. Клип режиссеры — Украина кинорежиссеры, клипмейкер әрі продюссер Алан Бадоев.

«Знай» әншінің YouTube-тегі жеке арнасында жарияланды.

Исландиядағы видео кадрлары. Команданың барлық мүшесі малмандай су болды. Бірақ бұл оған тұрарлық. Режиссер Алан Бадоевке кәсібилігі үшін ризашылығымды білдіргім келеді. Oл — видеоны нағыз суретшідей түсіретін режиссер, — деп жазды Димаш Құдайберген Instagram парақшасына.