Басты бетЖаңалықтарҚазақстанда 7...

Қазақстанда 7 мыңнан астам адам қарттар үйінде өмір сүреді — Ержан қажы Малқажыұлы

Ержан қажы Малғажыұлы қарттар үйіндегі кездесуден кейін БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында қарияларды қараусыз тастап кету мәселесіне ерекше тоқталды. Бас мүфти баласы мен ата-анасын тастап кету дәстүрімізде болмағандығын қадап айтты.

«Қариялар мемлекетіміздің тарапынан ерекше қамқорлыққа алынған. Үйлері жылы, азық-түлік, киім-кешек, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілген. Барлығы бар. Бірақ «жан-жылауы жетпейді» дейді. Елімізде 7 мыңнан астам адам қарттар үйінде өмір сүреді екен. Біздің халқымыздың тарихы мен дәстүрінде әке-шешесін қарттар үйіне апарып тастау деген жаман әдет болмаған. Қазақ отбасында ата-ананың қадірі ерекше болған: «Анаңды Меккеге үш рет арқалап барсаң да қарызыңнан құтыла алмайсың» деген мақал бар. Біз «Төріңнен қарт кетпесін» деп дұға тілеген халықпыз. Қай кезең, қай заманда болмасын үлкендерді сыйлағандықтан зиян көрген қоғам болмаған. Қарттарға ілтипат көрсету – ең асыл, ең қымбат қасиет. Қарттарға құрмет көрсету жас ұрпақтың алдындағы парыз», – деді Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы.

Ержан қажы Марғажыұлы, Бас мүфти, ардагерлер үйі, қарттар

Діни басқарма жыл сайын дәстүрлі түрде қарттар үйіндегі ақсақалдарға қажылыққа жолдама береді. Бас мүфти биыл да осы дәстүрден жаңылмай қасиетті мекендерді зиярат ету үшін бірнеше адамға жолдама беретінін жеткізді.