Қазақстан Ұлттық Банкі 2020 жылы номиналы 200 теңгелік монетаны айналысқа шығарады.
Ұлттық Банктің маңызды міндетінің бірі — айналыста жүрген қолма-қол ақшаның сапасын қамтамасыз ету.
Төмен номиналдағы банкноттар 1-1,5 жыл ішінде тозады. Жоғары номиналдағы банкноттар және монеталардың қолданылу мерзімі көбірек. Монеталардың қолданылу мерзімі — 10-15 жыл, — деді Қолма-қол ақша айналысы департаменті басшысы Жомарт Қажмұратов.
Ұлттық Банк қолма-қол ақша айналысын тиімді ұйымдастыру және төмен номиналдардың қолдану мерзімін ұлғайту үшін 200 теңгелік монетаны шығару туралы шешім қабылдады.
Номиналы 200 теңгелік банкноттар заңды төлем құралы болып қалады және төлемнің барлық түрі бойынша қабылдануға міндетті. Олар табиғи тозуына қарай айналымнан алынады, — деді Жомарт Қажмұратов.