Сириядан Қазақстанның 595 азаматы елге қайтарылды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті «Жусан» операциясы аясында Сириядан Қазақстанның 595 азаматын елге қайтарды.

Комитеттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, елге қайтарылған адамдардың ішінде 10 ер адам және 5 әйел Қазақстанда тыйым салынған ДАИШ халықаралық террор ұйымының әрекетіне қатысқаны үшін әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Тергеу нұсқасы бойынша Сирия жағдайында ДАИШ-тің бір жасағында болған тағы да 14 азаматқа қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталды. Оларға террористік әрекетке қатысты, әрекетке тартты және терроризмді насихаттады, сонымен бірге өзге де ауыр қылмыстар жасады деген айып тағылды, — деп хабарлады ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ресми өкілі.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі қылмысқа қатысты іс материалдары Нұр-Сұлтанның мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер сотына берілгенін мәлімдеді.