Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Қазақстан әйелдер үшін қаншалықты қауіпсіз ел?

Иллюстрация: Dribbble.com ©Marcin Mokierów-Czołowski

National Geographic журналы Women, Peace and Security Index (WPS Index) рейтингін жариялады. Бұл — әйелдердің өмір сүруіне ең қауіпсіз және қолайлы елдердің көрсеткіші.

Рейтингке әлемнің 167 елі енген. Қазақстан тізімде Ямайкадан кейін 43-орында тұр.

Рейтинг бойынша Норвегия әйелдер үшін әлемдегі ең қауіпсіз ел деп танылды. Одан кейінгі орында Швейцария, Финляндия, Дания, Исландия, Австрия, Ұлыбритания, Люксембург, Швеция және Нидерланды тұр. АҚШ 19-орында.

Рейтингте соңғы орынды Сирия, Ауғанстан және Йемен алды.

Women, Peace, and Security Index рейтингі 2017 жылдан бастап жыл сайын жасалады.

Мақалаға реакция