Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Дүниежүзілік туризм ұйымының қала туризміне арналған «Ақылды қалалар, ақылды мекендер» ғалам саммитінің Қазақстан астанасында өткізілуінің маңызын атап өтті.
Сіздің сапарыңыздың мәні зор деп санаймын. Дүниежүзілік туризм ұйымының VIII ғалам саммитін өткізуге Нұр-Сұлтанның кандидатурасына қолдау білдіргеніңіз үшін Сізге алғыс айтамын. Қазақстан үшін туризмді, соның ішінде экотуризмді және қала туризмін дамыту аса маңызды. Сондықтан біз сіздің ұйымыңызбен ынтымақтастық орнатуға ниеттіміз, – деді Қазақстан Президенті.
Зураб Пололикашвили Мемлекет басшысына қабылдағаны үшін алғыс айтып, жергілікті туризм индустриясын дамыту бағытында БҰҰ Дүниежүзілік туризм ұйымы Қазақстанмен өзара іс-қимылдарға ерекше мән беретінін атап көрсетті.