7 сәуір — Дүниежүзілік денсаулық күні. Қазақстанның медицина ұйымдарында «Денсаулық сақтау қызметтерімен жалпыға бірдей қамту: барлығы үшін және бүкіл жерде» айдарымен 10 сәуірге дейін ашық есік күндері өтеді.

Ашық есік күндері әрбір ниет білдіруші денсаулығының жай-күйі туралы арнайы мамандардың консультациялық-диагностикалық және  практикалық бейінді мамандардың көмегін тегін ала алады. Олар — офтальмолог, оториноларинголог, кардиолог, невропатолог, травматолог, педиатр, психиатр-нарколог, эндокринолог, балалар ортопеді, логопед, дефектолог және басқалар.

Бұған қоса, Дүниежүзілік денсаулық күні шеңберінде еліміздің барлық медицина ұйымында флешмобтар, салауатты жаттығулар, веломарафондар және тағы басқа іс-шаралар ұйымдастырылады.

Жалпы білім беретін мектептерде денсаулық елшілерінің, танымал спортшылар, әншілер, актерлердің қатысуымен жаттығулар өтеді.

Денсаулық мектептерінде, алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарында халықпен медицина қызметкерлерінің, психологтардың, әлеуметтік қызметкерлердің «Уақтылы скринингтен өту» тақырыбында кездесулер өтеді.