Ислам революциясына дейінгі Иран қандай еді?

Осыдан тура 40 жыл бұрын, 1979 жылы Иранда Ислам революциясы жеңіске жетіп, қуғында жүрген аятолла Хомейни бастаған көтерілісшілер билік басына келді. Бұл революция аз уақыт ішінде бүтіндей бір мемлекеттің тыныс-тіршілігін, жүрер жолы мен бағытын күрт өзгертіп жіберді. Ол XX ғасырдағы ең маңызды оқиғалардың бірі болды.

Билеуші шах Мұхамед Реза Пехлевидің жүргізген саясатына көңілі толмаған парсылар бір жыл бойы ереуілдеп, елдің экономикасын тұйыққа тіреген болатын. Шиіттердің қуғынға ұшырауы, халықтың қиын жағдайда өмір сүруі, сыртқы күштердің ықпалы негізгі себеп болып, Пехлевилер династиясы ақыры құлап тынады. Жаңа үкімет монархиядан бас тартып, елде референдум жүргізді де, 1979 жылдың 1 сәуірінде Иранды бірінші Ислам республикасы деп жариялады.

Шахтың отбасын Ираннан қуып шығып, билікті қолдарына алған шиіт дінбасылар жаңа Конституция қабылдап, мәдени революция бастады. «Азғын Батыс пен атеистердің ықпалынан құтылу үшін» деген желеудің нәтижесінде парсы қоғамының бет-бейнесі мүлдем өзгерді: елдегі жоғарғы оқу орындары 1980 жылы белгісіз уақытқа жабылып қалды; университеттерде сабақ берген профессорлар мен оқытушылар, Батыста білім алған зиялылар, студенттер қуғынға ұшырады; БАҚ тек бекітілген бағытта контент тарата бастады; бастауыш және орта мектептерде діни сабақтарға басымдық берілді; мешіттердің ықпалы күрт артып, әкімшілік міндеттерді атқара бастады; әйелдер игеруге болатын мамандықтар қатары шектеліп, көп әйел алу және уақытша некеде тұру заңдастырылды; «есірткі таратты», «сатқындық жасады», «тыңшы болды», «ойнас қылды» деген айыппен жүздеген адам қамауға алынды. Көптеген газет-журнал, театр, кинотеатр, батыс үлгісіндегі мейрамханалар жабылды. Кейбір көтеріліс басшылары Ислам революциясына дейінгі Иран өркениеті болмады деген үгіт-насихат жүргізді.

Біз келтіріп отырған төмендегі фотосуреттер осы Ислам революциясына дейінгі Иранның өмірін бейнелейді.

Фарах патшайым және Энди Уорхол
Фарах патшайым және Энди Уорхол

 

Иран жігіттері
Иран жігіттері
Иранның жүзуден әйелдер құрамасы
Иранның жүзуден әйелдер құрамасы
Студент қыздар
Студент қыздар. Тегерандағы сирек қарлы күндердің бірі
Шырын Тамассаб - Ираннан шыққан тұңғыш дипломат әйел
Шырын Тамассаб — Ираннан шыққан тұңғыш дипломат әйел
Шетелдік туристер осылай саяхаттаған екен
Шетелдік туристер осылай саяхаттаған екен
Студенттер
Студенттер
Иранның "Қара мысықтар" атты джаз тобы
Иранның «Қара мысықтар» атты джаз тобы
Мектептегі оқушы қыздар
Мектептегі оқушы қыздар, Мехабад, Иран
Жағажайдағы фотосет
Жағажайдағы фотосет
Көшеде
Көшеде
Иранның Vogue журналынан
Иранның Vogue журналынан
Рок-н-ролл мен твистке жетер не бар?!
Рок-н-ролл мен твистке жетер не бар?!
Тегеран кафесінде
Тегеран кафесінде
Демалыс
Демалыс               
Мариса Беренсон
Америка моделі Мариса Беренсон фотосессия кезінде
Түлектер
Түлектер
Жағажайда
Жағажайда
Білім алушылар
Білім алушылар
Салтанатты шеру
Салтанатты шеру