Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

MapMind жасаған 7 ерекше карта: әлемді түрлі өлшем бойынша бояуға болады

Иллюстрация: Dribbble.com ©MUTI

Экология картасы

Картадағы қанық қызыл түс сол елдің қатты ластанғанын көрсетеді. Еуропаның Болгария, Босния  және Герцеговина жерлерінің алда екені күтпеген жағдай. MapMind мәліметінше, Қазақстан экологиялық ахуалы ең нашар елдер қатарында.

MapMind жасаған 7 ерекше карта: әлемді түрлі өлшем бойынша бояуға болады

Сауат картасы

Бұл картада дүниежүзі мемлекеттер халқының сауат деңгейі бойынша боялған. Португалияда таңғаларлық көрсеткіш. Ислам мемлекеттерінің көбінде халықтың 50%-ы ғана оқу мен жазуды біледі. Ал аутсайдерлер — Африка елдерінің және Ауғанстан мен Пәкістанның халқы. Қазақстанның көрсеткіші жаман емес, орташа деңгейде. MapMind жасаған 7 ерекше карта: әлемді түрлі өлшем бойынша бояуға болады

Дін картасы

MapMind 2050 жылға қарай әлемдегі діндердің таралуы осы кестедегідей болады деп болжайды. Мұсылмандар христиан дінін ұстанушыларға қарағанда көбейіп келеді. Ал атеистік көзқарастағылар санаулы, әлем бойынша небәрі — 13%.

MapMind жасаған 7 ерекше карта: әлемді түрлі өлшем бойынша бояуға болады

Эмоция картасы

Tekegram-канал қай елдің халқы эмоцияға жиі берілетінін де анықтапты. ТМД елдерінің халқы эмоцияға сараң, салқынқанды келеді екен. Керісінше, Канада мен АҚШ тұрғындары көңілді.MapMind жасаған 7 ерекше карта: әлемді түрлі өлшем бойынша бояуға болады

Әйелдерге құрмет картасы

Картадағы қанық жасыл түс сол елде әйелдерге деген құрметтің өз деңгейінде екенін білдіреді. Бұл статистика әйелдердің пікірінше дайындалыпты. Қазақстанда ең жоғары көрсеткіш болмаса да, бұл — біз үшін жақсы нәтиже.

MapMind жасаған 7 ерекше карта: әлемді түрлі өлшем бойынша бояуға болады

Метрополитен картасы

Келесі картада метрополитен салынған елдер жасылмен боялған. Словакияда, Молдовада, Ирландияда, Балтық жағалауы елдері мен Балқан түбегінің шығысында метро жоқ. Ал Африка бойынша Мысыр мен Алжирда ғана халық метро қызметіне жүгіне алады. Қазақстанда метрополитен Алматыда 2011 жылдан бері жұмыс істеп тұр.

MapMind жасаған 7 ерекше карта: әлемді түрлі өлшем бойынша бояуға болады

Тәуелсіздік картасы

Келесі картада қай елдің кімнен тәуелсіздік алғаны көрсетілген. Бұрынғы тарихта көп ел КСРО мен Ұлыбританияның үстемдігінде болды.

MapMind жасаған 7 ерекше карта: әлемді түрлі өлшем бойынша бояуға болады

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *