Ішкі істер министрлігі «Ашық НҚА» порталында өзгерістер жобасын ұсынды.
Жүргізуші куәлігінің түсін өзгерту ұсынылды. Ол ашық күлгін болады. Ақпарат сақталатын микросхема артқы бөлігіне ауысады. Техника құжатында штрихкод пайда болады.
Ішкі істер министрлігі жүргізуші куәлігі мен көлік құралдарын тіркеу туралы куәлікті даярлауға сапалы әрі технологиялық өнімді пайдалануға уәде берді.