Жүргізуші куәлігі мен техника құжаты өзгеруі мүмкін

Ішкі істер министрлігі «Ашық НҚА» порталында өзгерістер жобасын ұсынды.

жүргізуші куәлігі
Фото: Legalacts.egov.kz
жүргізуші куәлігі
Фото: Legalacts.egov.kz

Жүргізуші куәлігінің түсін өзгерту ұсынылды. Ол ашық күлгін болады. Ақпарат сақталатын микросхема артқы бөлігіне ауысады. Техника құжатында штрихкод пайда болады.

техника құжаты
Фото: Legalacts.egov.kz
техника құжаты
Фото: Legalacts.egov.kz

Ішкі істер министрлігі жүргізуші куәлігі мен көлік құралдарын тіркеу туралы куәлікті даярлауға сапалы әрі технологиялық өнімді пайдалануға уәде берді.