Басты бетЭкономикаМедеу ауданында...

Медеу ауданында шағын және орта бизнеспен 12 мыңға жуық адам айналысады

Негізгі капиталға жұмсалған инвестиция көлемі 99,8 миллиард теңге, ал сыртқы инвестиция көлемі 25,4 миллиард теңге. Аудан әкімінің айтуынша, мұндай экономикалық көрсеткішке белсенді кәсіпкерлердің арқасында қол жетті.

Ауданда шағын және орта бизнестің 12 мыңға жуық субъектісі бар. Олар 150 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтып отыр. Ауданда жалпы сомасы 300 миллиард теңгеге жуық жеке инвестиция 28 ірі нысан салуға құйылды. Соның арқасында мыңнан астам тұрақты жұмыс орындары ашылатын болады, — деді Сұлтанбек Мәкежанов.

Оған қоса, Құлжа трассасы бойындағы «Леруа Мерлен» мен «Еуразия форумы» ойын-сауық орталығының құрылысына 6 миллиардтан астам инвестиция құйылған.