Басты бетҚоғамҚыркүйектің соңында...

Қыркүйектің соңында ауа температурасы минус 5 градусқа дейін төмендейді

Суық атмосфералық фронттар Қазақстан арқылы баяу өтіп, республиканың батыс және солтүстік облыстарында жауын-шашын мен ауа температурасының төмендеуіне себеп болды.

Демалыс күндері олардың әсерінен Қазақстанның қалған бөлігінде, орталықта және шығыста жаңбыр жауып, салқын болады, түнде ауа температурасы минус 1-5 ° С дейін төмендейді, — делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.

Дүйсенбіде республиканың оңтүстігінде және оңтүстік-шығыста 30 градус ыстықтан кейін термометр бағандарында күндіз плюс 12-18 ° С болады.