Алматыда X халықаралық вокалистер байқауы аяқталды

Байқау он күнге созылды. Қорытындысын КСРО мен Қазақстанның халық артисі, академик Бибігүл Төлегенова, Париждегі Ресей музыка қауымдастығының төрағасы Петр Шереметьев, байқаудың құрметті қонағы, италиялық орындаушы Витторио Терранова жариялады.

Х халықаралық вокалистер байқауын тенор дауысты жас орындаушы, «Ла-Скаладағы театр академиясының» түлегі Козимо Оресте жеңіп алды. Әнші Қазақстандағы ән байқауына алғаш қатысқанын айтты.

Бұл — Қазақстанға алғаш келуім. Байқауға қатысуға небәрі 3 апта уақытым болды. Осы қысқа уақытта қазақша ән үйреніп, жарыста орындауым керек еді. Өзге қатысушылар да мықты болды. Бір аптада достасып кеттік. Маған сенгендері үшін қазылар алқасына алғыс білдіремін, — деді Козимо Оресте.

Витторио Терранова жеңімпаз Еуропаның классикалық музыка байқауына іріктеу турына қатыспай-ақ жолдама алатынын айтты.

ДереккөзJasqazaq.kz