Жеңіл су (төмен дейтерийлі немесе дейтерийі/сутегісінің ауыр изотопы кем су) — XX ғасырдың ғылыми жаңалығы, соңғы онжылдықтағы әлемдік тренд. Жеңіл судың феноменін ғалымдар тек 60 жыл бұрын зерттей бастады. Қазақстанда бұл зерттеуді белсенді жүргізу 7 жыл бұрын басталды.
«Астана» медицина университетінде Қазақстандағы алғашқы «Жеңіл физиологиялық толыққанды ауызсудың ғарышкер ағзасының функционал резерв деңгейі және өмір сапасына әсері» ғылыми зерттеуінің нәтижелерін жариялады. Зерттеуге қазақстандық аңызға айналған ғарышкер, ұшқыш-сынаушы Айдын Айымбетов қатысты.
Ғылыми зерттеу Астана медицина университеті, Қазақ тамақтану академиясының тамақтану мәселелері институты, Asia Waters ғылыми қызметі мен Ресей эксперттерінің жетекшілігімен өтті.
2018 жылдың желтоқсанынан бастап, ғарышкер қазақстандық дейтерийі төмен TURAN жеңіл суын ішті. Қайнатылған судың құрамында дейтерий мөлшері күрт өсетіндіктен зерттеу кезінде барлық ыстық сусын – шай, кофе — жеңіл суды 90 градусқа дейін ысыту арқылы дайындалды. Орташа шамамен, күніне 1,2-1,4 литр жеңіл су қолданылды. Ғарышкердің тұрмыс барысы, оның ішінде, әдепті тағамдануы өзгерген жоқ.
Бір жағынан, бұл — менің өмірімдегі және кәсіби қызметімдегі ең жеңіл сынаулардың бірі. Себебі менің міндетім — тек су ішу болды. Екінші жағынан, ауыр сынаулардың бірі болды – сынақ тәулік бойы, ұзақ уақыт бойы өтті. Ең қызығы, қонаққа барған кезде, «шай ішесізбе?» деген сұраққа «жоқ, рақмет, мен өз суымен бірге келдім» деп айтатынмын, — дейді ғарышкер Айдын Айымбетов.
Asia Waters баспасөз қызметінің хабарлауынша, зерттеу кезінде ғалымдар ай сайын ғарышкердің бойын, дене массасын, жүрек жиырылу кезеңдерін, артериал қысымын, бұлшықет күшін, өкпенің өмірлік сыйымдылығын, жүйке жүйесінің жұмысын бағалады. 138 күн бойы жеңіл суды ішудің әсерін зерттегенде ғарышкердің денсаулық көрсеткіші 14% жақсарған.
Қазақ тамақтану академиясының тамақтану мәселелері институтының ғылыми қызметкері, Asia Waters ғылыми қызметінің дәрігер-диетологы Евгений Бекаевтың айтуынша, жеңіл суды ішкен соң ғарышкердің дене массасының индексі 0,6% төмендеді.
Қанайналым 8% өсіп, өмірлік индекс 2,8% жақсарды. Күш индексі 7,5%, жүрек-қан тамырлары жүйесінің төзімділігі 40%, эмоционал тұрақтылық 11%, сабырлылығы 20 артты. Зерттеу нәижесінде ғарышкердің жалпы денсаулық көрсеткіші 14% жақсарды, — Евгений Бекаев.
Дүниежүзінде жеңіл суды жасанды түрде дайындап, бір литрін күрделі технологиялық процестен өткізіп, 8 евродан 20 евроға дейін қымбат бағамен сатса, Қазақстан жеңіл судың табиғи кен орнымен, қолжетімді бағасымен мақтана алады. Кен орын Ақмола облысы, Көкшетау қыратында орналасқан. Судың құрамындағы дейтерийдің мөлшері өте төмен – 133,3 ppm. Әлемде жеңіл судың құрамындағы ауыр сутегінің максимал көрсеткіші — 135 ppm, қалалық су құбырынан алынатын судың құрамында ауыр сутегінің көрсеткіші — 140-148 ppm.
Біз бұл кен орынды әдейілеп іздеген жоқ едік. Ұңғыманы бұрғыладық. Алынған судың изотоп құрамын зерттегенде судың жеңіл болып шыққаннын аңғардық. Бұл жайтты Украина, Ресей, Германия ғалымдары да дәлелдеді. Біз тамақтану мәселелері институтына хабарластық та, 2012 жылдан бастап адам ағзасына жеңіл судың әсерін бірлесіп зерттей бастадық, — дейді академик, гидрогеолог, Қазақстандағы табиғи жеңіл судың ашушы, Asia Waters ғылым директоры Евгений Пятов.
Медицина ғылымдарының докторы, Қазақ тамақтану академиясының тамақтану мәселелері институтының директоры жеңіл судың қан қысымын төмендетіп, ұйқының жақсаруына қабілетін байқады.
Үш жыл бойы тек дейтерийі төмен су ішіп жүрдім. Соның арқасында қан қысымын төмендететін дәрі-дәрмектерден бас тарттым. Менің бес емделушім – зейнеткерлер. Олардың барлығы гипертония мен ұйқысыздықтан қиналатын. Жеңіл суды бір жыл бойы ішкеннен кейін, одан түгелдей арылды деп айта аламын, — дейді Ерболат Дәленов.
Ағза жұмысының жақсаруы ондағы дейтерийдің төмендеуіне байланысты болады. Себебі ағзаның функционал мүмкіндіктері жасуша деңгейінде арттады. Ғарышкер Айдын Айымбетовтың ағзасында дейтерий көрсеткіші 142,9 ppm көрсеткішінен 135,8 ppm көрсеткішіне дейін төмендеді.
Әрине, су барлық аурудан емдейтін панацея емес. Алайда оң нәтиже бергені сөзсіз. Менің көзқарасымша, денсаулығымыздың 70% қандай су ішетінімізге, қандай тамақ жейтінімізге байланысты. Тек қалған 20-30% — сыртқы факторлардың әсері, — дейді ғарышкер Айдын Айымбетов.
Жалпы, әлемдегі барлық ғалымның қорытындысы бойынша, жеңіл су ағзаға емдік әсерін беріп, төмендегі процестерге қатысады:
- зат алмасу;
- иммунитетті арттыру;
- қатерлі ісік жасушаларының өсуін төмендету;
- қартаю процесін тежеу;
- жасарту мен өмір жасын ұзарту.
Жеңіл судың сәулелендіруден, радиация қатерінен қорғаныш қызметі бар. Қазіргі уақытта бұл су айрықша маңызға ие және ғарышкерлердің ұшып келуінен кейінгі реабилитациясында белсенді қолданады. Сол себепті оны «ғарышкерлер суы» деп те атайды.