Нұр-Сұлтанда 904 гектар жерге мониторинг жүргізіліп жатыр

Бұл туралы Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов Президенттің Жолдауын талқылауға арналған қала активінің жиынында айтты.

Нұр-Сұлтан әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, қазір астанада 904 гектар жерді алып жатқан 251 жер тіліміне мониторинг жүргізіліп жатыр. Оның ішінде 429 гектарда 192 коммерциялық мақсаттағы жер телімі болса, қалған 59 жер телімі ауылшаруашылық ісіне бағытталған.

Алтай Көлгіновтің айтуынша, сот шешімімен алты жер телімі алынған.

Кәсіпкерлер мемлекет жер берсе, оны тез арада игеруі тиіс екенін түсінуі керек. Жер экономика мен халыққа пайдалы болуы керек. Бірақ бізде Президент айтқандай, өзі де тиіспейтін, өзгеге де бермейтін кәсіпкерлер бар. Оларға заң аясында шара қолданылады, — деді қала басшысы.