Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Алматыда Барахолка өртеніп жатыр

Фото: Tengrinews.kz

Алматыда Жетісу ауданындағы базарда өрт шықты. Металлопластика бұйымдары сақталатын бір қабатты қойма өртеніп жатыр. Өрт базарға жақын жерде орналасқан үйлерге өту қаупі бар.

Северное Кольцо көшесі, 78/1. Алдын ала ақпарат бойынша «Мизам» базарының аумағында контейнер жанып жатыр. Оқиға болған жерде жеке құрамның 43 қызметкері және 12 техника жұмыс істеп жатыр. Сонымен бірге автопоезд және қосымша көліктер жіберіледі, — деді Алматы ТЖД өкілдері.

Алматыда Барахолка өртеніп жатыр
Фото: Tengrinews.kz

Төтенше жағдайлар департаменті нақтылаған мәлімет бойынша базар аумағында жеке тұрған қойма жанып жатыр.

Алматыда Барахолка өртеніп жатыр
Фото: Tengrinews.kz

Өртті сөндіру үшін ІІМ ТЖК мен Алматы әкімдігі авиацияны көтереді. Алматы құтқару қызметінің Ми-8 және «Қазавиақұтқарудың» К-32 тікұшақтары өртті әуеден сөндіреді. Қазіргі уақытта әуе көліктері ұшуға дайындалып жатыр. Базардағы қоймадағы өрт күшейіп барады.

Мақалаға реакция