Синоптиктер 7-9 қыркүйектегі ауа райына болжам жасады

«Қазгидромет» кәсіпорнының мамандары 7-9 қыркүйек күндері елімізде ауа райы қандай болатынын хабарлады.

Циклон мен атмосфера фронттары нөсер жаңбырдың жаууына себеп болады.

Қазақстанның солтүстігінде күндіз ауа температурасы 10-20 градус жылы болса,  ал республиканың оңтүстігінде 18-25 градус жылы болады. Ауа температурасы климаттық нормадан 3-5 градус төмендейді, нағыз күзгі ауа райы сезіледі, — деп хабарлады синоптиктер.

Мамандар Қазақстанда мұндай температура мен жаңбыр алдағы үш тәулікте де сақталады деп болжады. Тек Қазақстанның батысында жауын-шашын тоқтап, жылы болады.