Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Атырау облысына барды. Бұл туралы оның баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-парақшасында жазды.
Қазақстан Президенті Атыраудағы мұнай сервис кәсіпорнының біріне барып, Қазақстанның мұнай-газ саласын дамыту мәселелері жөнінде кеңейтілген кеңес өткізеді, — деп жазды ол.
Сонымен бірге Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мұнайының 120 жылдығына арналған салтанатты жиынға қатысады.