Басты бетЖаңалықтарАлмалы ауданының...

Алмалы ауданының балалары мектепке қысылмай барады

Алмалы ауданы әкімінің аппараты Nur Otan партиясымен және аудан кәсіпорындары бірге №16 орта мектепте көпбалалы және әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасы балаларына, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және мүгедектігі бар балаларға «Мектепке жол» қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.

Алматы әкімдігінің мәліметінше, акция барысында мұқтаж балаларға мектеп формасы, портфель, кеңсе тауарлары берілді.

Биыл «Мектепке жол» акциясына мемлекеттік органдармен бірге Metall Prom, «Бахус», Enrise сияқты ірі компаниялар мен жеке кәсіпкерлер, басқа да демеушілер қолдау көрсетті.

Қазіргі уақытта Алмалы ауданында тұрақты негізде біліммен қамтылмаған балаларды анықтау жұмысы жүргізіліп жатыр, азаматтардың әлеуметтік көмекке жүгінуіне жедел жауап беру үшін қоғамдық қабылдау бөлмесі мен сенім телефоны ашылды.

Әлеуметтік сала бөлімінің жұмыс телефоны: 261-51-20, 272-79-12.

Біз жаңа оқу жылына дайындыққа мұқтаж балалардың бәріне қамқорлық жасап, қолдаймыз. 1 қыркүйекте біз көмектескен балалар түгел мектепке барып, білім алады, — деп хабарлады Алмалы ауданы әкімі аппаратының өкілдері.