Басты бетЖаңалықтарДүйсенбінің ауа...

Дүйсенбінің ауа райы: еліміздің көп өңірінде жаңбыр жауады

«Қазгидромет» кәсіпорны мамандарының болжамына қарағанда дүйсенбіде Қызылорда облысында найзағай ойнап, жаңбыр жауады, 23 м/с жел соғып, дауыл тұрады, шаң борайды. Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Ақтөбе облыстарында да найзағай ойнап, жаңбыр жауады, 15-22 м/с жел соғып, дауыл тұрады, бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік Қазақстан облысында 25 м/с жел соғады. Маңғыстау облысында 23 м/с жел соғып, шаңды дауыл тұрады.

Жамбыл, Түркістан облыстарында 15-20 м/с жел соғады, Жамбыл облысында шаңды дауыл тұрады. Алматы облысында Алакөл көлі ауданында 17-22 м/с жел соғады.

Алматы, Жамбыл, Ақмола, Қарағанды облыстарында қатты ыстық болады. Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы, Қарағанды, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстарында дала өрті қаупі күшейеді.