Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Павлодар облысындағы Қалмаққырылған аумағы зерттеліп жатыр

Павлодар облысындағы Қалмаққырылған мекені. Фото: Inform.kz

Май ауданында аумағында «Қазақстан археологиялық қоғамы» ұйымының басшысы Виктор Мерц бастаған зерттеушілер жұмыс істеп жатыр. Қалмаққырылған тауы — Сарыарқаның тағдырын шешкен атышулы шайқастың орны әрі еліміздегі ірі тарихи-табиғи кешен. Мұнда қола және ерте темір дәуірінің ескерткіштері бар.

Виктор Мерц ол ескерткіштерді 2008 жылы да зерттеген. Тарихи жәдігерлер қола және ерте темір дәуіріндегі солтүстік-шығыс Сарыарқа көшпелілерінің жерлеу рәсімінен хабар береді.

Қалмаққырылған мекеніндегі археологтар. Фото: Inform.kz

8 тамыз күні мұнда Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов Әлкей Марғұлан атындағы археология орталығы мен Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы ПМУ ғалымдарынан тұратын экспедицияны алып келді.

Болат Бақауов бастаған экспедиция Қалмаққырылғанда. Фото: Inform.kz

Экспедиция кезінде Қалмаққырылған тауынан зират орындары табылып, жартастағы жазулар анықталды. Ғалымдар Әулиеүңгірді зерттеп, Қызқұлаған, Гауһар биігі, Бас малай, Орта Малай, Кіші Малай, Қарнақ орындарына қатысты көптеген аңыз-дастанды қағазға түсірді. Қалмаққырылған тауы мен Түндік өзенінің аралығындағы топонимика атаулары да ғалымдардың зерттеу нысанына айналады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version