Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Қуат Хамитовтың Атыраудағы сапары әкімшілік іспен аяқталды

Видео скрині
23 мамыр күні Атырауда өтетін Batyr Fighting Championship турнирі қарсаңында қазақ файтер Қуат Хамитов пен ирандық спортшы Әли Хейбати қатысқан видео әлеуметтік желіде қызу талқыланды. Кадрларда файтерді қарсы алу сәті түсіріліп, жол қозғалысы ережелерінің бұзылғаны байқалған. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

«Ақ Жайықтың» мәліметінше, видеода Лашын Нүркенқызы көлік терезесінен шығып, спортшыға сәлем жолдаған. Ал Қуат Хамитовтың қауіпсіздік белдігін тақпай көлік жүргізгені көрінеді.

Оқиғадан кейін Атырау облыстық полиция департаменті құқық бұзушылыққа қатысы бар азаматтарға әкімшілік хаттамалар толтырылғанын хабарлады.

Полиция мәліметінше, Toyota Camry көлігіндегі 24 және 22 жастағы жолаушылар қауіпсіздік белдігін тақпаған және қозғалыс кезінде көлік салонынан денесін шығарған. Сонымен қатар 20 жастағы жүргізуші мен Mustang көлігінің 38 жастағы жүргізушісі де әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Exit mobile version