Стокгольмдегі Каролинска институты жанындағы қартаю проблемалары жөніндегі зерттеу орталығы мамандарының пікірінше, диабеталды қаупі бар адамдардың бәрі бірдей диабетке шалдықпайды, олар қандағы қанты қалыпты деңгейге келтіріп, аурудан айыға алады.

Дүниежүзілік диабет федерациясының деректері бойынша қазіргі уақытта әлемде 425 миллионнан астам адам диабетпен ауырады. Диабетті ерте анықтауға арналған NOMAD ұлттық скрининг бағдарламасының нәтижелері бойынша Қазақстанда ересектердің 38%-і диабет алдында тұрса, 8,2%-і диабетке шалдыққан. Сонымен қатар ІІ типті диабет диагнозымен есепте халықтың 1,8%-і немесе 312 мың адам тұр, бұл аурудың жасырын түрі бар екенін және аурудың кеш анықталатынын көрсетеді.

Зерттеуші, аспирант Ин Шан предиабет диагнозының 918 түрін анықтаған. Швед ұлттық зерттеулеріне осындай диагнозы бар 60-тан асқан адам қатысқан. Олардың қанындағы қант деңгейі 100-ден 125 миллиграмм/децилитр (5,51 миллимоль) болған. Бұл — қалыпты жағдай. Қандағы қант деңгейі 125 миллиграмм/децилитрден (6,89 миллимоль) жоғары болса, онда адамның қант диабетімен ауыратынын білдіреді.

Зерттеушілер қарттарды 12 жыл бойы бақылап, қатысушылардың 22%-і қалыпты гликемия жағдайына қайтып келгенін, қатысушылардың 13%-інде диабет дамығанын және адамдардың бір бөлігі қайтыс болғанын анықтады.

Швед ғалымдарының зерттеуі систола артериясы қысымын төмендеткенде, адам жүрек ауруларымен ауырмағанда және оның артық салмағы болмағанда қан құрамындағы қант мөлшері қалыпты деңгейге келетінін көрсетті. Сонымен бірге дене белсенділігі диабетке шалдыққан адамды өлім-жітімнен сақтайтынына көз жеткізді.

«Аман-саулық» қоғамдық қорының президенті осы зерттеу нәтижесіне сүйене отырып, әр адам қант диабетінен сақтана алады деп есептейді.

Диабеталды жағдай ІІ типті қант диабетіне бірден ауыспайды, ол — аурудың пайда болу қаупін төмендету үшін дер кезінде шаралар қабылдауға мүмкіндік беретін белгі ғана. Ауруды асқындырмаудың жолдары өте қарапайым: дене белсенділігі, толыққанды ұйқы және дұрыс тамақтану. Алайда ол әрбір пациенттің өз ерік-жігері мен ынтасына да тікелей байланысты, — дейді Бақыт Түменова.

Инфографика - Преддиабет и сахарный диабет - KZ
Инфографика: «Аман-саулық» қоғамдық қоры

Қазір ҚР Денсаулық сақтау министрлігі «Ауруларды басқару бағдарламасын» іске асырып жатыр. Ол бағдарлама бойынша бастапқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдары пациенттермен шартқа қол қояды, онда әркім өзіне белгіленген міндеттемелерді орындайды. Пациенттің өз денсаулығын басқаруға, ортақ жауапкершілікке тартылуына баса назар аударылады. Адам зиянды әдеттерден бас тартады, салмағын қадағалайды, дене жүктемелерін қолданады, дұрыс тамақтанады, дәрі-дәрмекті уақытында қабылдап, дәрігердің бақылауында болады. Бағдарламаға пациенттің өзі ғана емес, сонымен қатар оның туыстары да қатысады, өйткені қант диабеті генетикалық бейімділігі бар болғандықтан балалар мен отбасының барлық мүшесін бақылау қажет.

Қант диабеті мүгедектік пен ерте өлімге себеп болуы мүмкін ауыр созылмалы ауру болса, диабеталды жағдайдың ерекше белгілері жоқ, сондықтан жастың 45-тен асуы, қан қысымының жоғары болуы, аурудың адамның ата-бабасында болуы, артық салмақ, қозғалысы аз өмір салты, тәтті және газдалған сусындарға деген әуестік сияқты факторлар — дәрігерге барып, қандағы қант құрамын тексеруге себеп. Аурудың пайда болу қаупін төмендетуге бағытталған зиянды төмендету тұжырымдамасын ұстану қажет, — дейді Бақыт Түменова.

Медицина сарапшысының айтуынша, қант диабеті жұқпалы ауру емес, бірақ ұзақ емдеуді қажет етеді, егер адам өз денсаулығын күтуді қолға алса, диабет кеселінсіз өмір сүре алады.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!