Нұр-Сұлтанда ұстаздарға 1000 тұрғын үй сертификаты берілмек

Жаңа оқу жылында Нұр-Сұлтанда педагогикалық кадрлар жетіспейді.

Елорданың жалпы білім беретін мектептерінде 741 бос жұмыс орны бар: тәрбиешілер, бастауыш сынып, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, информатика, математика және тағы басқалары, — деп хабарлады Білім басқармасы.

Елордалық мектептерде жұмыс істеу артықшылықтарының ішінде кәсіби конкурстарға қатысу, шет елдердің тәжірибесін зерттеу, қызықты идеяларды қолдау мүмкіндігін ерекше айтуға болады.

Жыл соңына дейін тұрғын үй сатып алу үшін 1 миллион теңге атаулы әлеуметтік көмек –1000 тұрғын үй сертификатына дейін беру жоспарда бар. Қазір жатақханадан жас мұғалімдерге орын бөлу мәселесі қарастырылып отыр, — деп Білім басқармасынан хабарланды.