Конкурстың шарты: қатысушылар өзінің туған қаласы немесе ауылы туралы влог түсіріп, оның көрнекі жерлерін көрсетуге, сүйікті жерлері туралы айтып беруге тиіс және ол жер туристерді несімен қызықтыра алатынын түсіндіруі керек. Жеңімпаздарды керемет жүлделер күтеді: ең әсерлі видеоның авторлары 1 миллион теңге алады, екінші орынға 500 мың теңге, ал үшінші орынға 300 мың теңге беріледі.

I’m from Qazaqstan конкурсы — осы жазда еліміздегі ең айтулы оқиғалардың бірі болып отырған «Қазақстанды аша отырып» блогерлер форумының бірінші кезеңі. Қазақстанның барлық өңіріндегі конкурс қатысушыларынан әртүрлі тақырыптама бойынша блогерлер пулы құрылады. Ұйымдастырушылардың хабарлауынша, қазақша сөйлейтін блогерлерге, әлеуметтік тақырыптар мен қоғам мәселелерін ашатын блогерлерге, шағын қалалар мен ауылдардағы блогерлерге, сонымен бірге білім туралы және танымдық контент жасайтын блогерлерге ерекше назар аударылады.

Тамыз айында 35 шетелдік блогер үшін блог-тур болады, турдың қорытындысы бойынша олардың әрқайсысы видеошолу жасап шығарады. Бұл — Қазақстандағы туризмді дамытуға жәрдемдеседі, сонымен қатар елімізді және оның өңірлерін танымал етеді.

«Қазақстанды аша отырып» форумы 24-25 тамызда Нұр-Сұлтандағы Конгресс-орталықта өтеді. Бұл — Қазақстан үшін бірегей оқиға, ол алғаш рет республикамыздың түкпір-түкпірінен келген блогерлерді ғана емес, мемлекеттік орган өкілдерін де бір алаңға жинайды, — деп хабарлады ұйымдастырушылар.

Форум кезінде «Туризм», «Жастар», «Блогинг» сессиялары болады. Қатысушылар үшін суперинформатив және пайдалы шеберлік дәрістері ұйымдастырылады, онда блогерлер блогингті дамытуға арналған фишкалармен танысады. Шеберлік дәрістерінің тақырыптары: «Стратегиялық SMM/Блогинг-setters», «Пікірлер көшбасшысы профилін құру», «Мобайл түсірілім және өңдеу», «Подкасттар», «Демеушілік ықпалдасулар», VR/AR, «Тревел-блогинг», «Фуд-блогинг», «Бизнес-блогинг», «Мама-блогинг», «Гейм-блогинг» және «Бьюти-блогинг». Сонымен бірге жаттықтырушылар блогерлердің Instagram және YouТube профильдерін дамыту және сапалы мультимедиа контентін жасау туралы білім-дағдыларын айтады.

Шараны ұйымдастырушы — «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ және ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен A Kind Heart қоғамдық бірлестігі. Қоғамдық бірлестік 20 жыл бойы әлеуметтік және құқықтық қызметтер ұсынып келеді, оның белсенді әлеуметтік жауапкершілікті, азаматтық позицияларды қалыптастыруға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру бойынша үлкен тәжірибесі бар.

Жобаның стратегиялық серіктестері — InternetPortalNUR ЖШС, YouТube-тің Қазақстандағы PowerMedia ЖШС және Қазақстанның туризм саласындағы бренд-менеджері — KazakhTourizm ұлттық компаниясы.

Толық ақпарат пен конкурсқа қатысу шарттары Openqazaqstan.kz сайтында.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!