Нұр-Сұлтан әкімдігі «Экология және жасыл экономика көшбасшысы» атанды

«Қазақстанның экологиялық ұйымдарының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігімен «Экология және жасыл экономика көшбасшысы» конкурсына қатысу үшін 2018 жылдың қыркүйек айынан бастап 2019 жылдың наурыз айына дейін табиғатты қорғау бастамаларын қолдайтын әкімдіктер, ұйымдар мен азаматтар арасында өтініштерді қабылдады.

2019 жылғы 27 мамырдағы Конкурсттық комиссия отырысының №2 хаттамасына сәйкес Нұр-Сұлтан әкімдігі «Экология және жасыл экономика көшбасшысы» ұлттық конкурсының «Эко-Акимат» номинациясында жеңімпаз атанды, — делінген әкімдіктің хабарламасында.

5 маусымда Дүниежүзілік қоршаған орта күніне арналған салтанатты марапаттау рәсімінде «Қазақстанның экологиялық ұйымдарының қауымдастығыә заңды тұлғалар бірлестігінің Президиум төрайымы Әлия Назарбаева «Эко-Акимат» номинациясында  конкурс жеңімпазының статуэткасы мен дипломын табыстады.