Фернандо Корбато 1926 жылы 1 шілдеде туған. Ол компьютерді бір мезгілде көп адамның пайдалануына мүмкіндік беретін әдіс-тәсілді жасаудың негізгі қауіпсіздік шараларын жасауымен тарихта қалды.

Американ ғалымы өмір бойы Массачусетс технология институтында, оның Есептеу орталығында жұмыс істеді. 1950 жылы ол физика бойынша доктор дәрежесін қорғады. Бірақ сол кезде өзін бұл ғылым саласынан гөрі физиктер қолданатын машиналардың көбірек қызықтыратынын түсінген.

Фернандо Корбато компьютерлерге арналған операция жүйесін жасап шығарды, ол Уақытты бөлудің бірлескен жүйесі (CTSS) деп аталады.

Бір адамға арналған машинаны қолдану үшін CTSS жүйесі компьютер қуатын бірнеше бөлшекке бөледі, соның арқасында жұмыстың шағын бөлігін көп адам атқара алады. CTSS жүйесімен жұмыс істегенде бір компьютерде отыратын әртүрлі қолданушы өз файлдары мен бағдарламаларын бір-бірінен жасыра алуы үшін пароль ойлап табуға тура келді.

Әр жеке қолданушы үшін бұғаттау тәсілі ретінде пароль белгілеу маған өте қарапайым шешім болып көрінді, — деді кейінірек ғалымның өзі.

Пароль
Пароль. Фото: Istock.com

1990 жылы доктор Корбато уақытты бөлу жүйесін жасап шығарғаны үшін Алан Тьюринг атындағы сыйлықты иеленді, бұл — программист ғалымдарға берілетін ең жоғарғы награда.

Бұдан соң Фернандо Корбато Multics программасын жасады, бұл Linux операция жүйесі мен қазіргі заманғы есептеулердің басқа аспектілерінің тууына негіз болды.

Ғалымның және оның ізбасарларының зерттеулері жасалмағанда біздің әлем мүлдем басқаша болар еді. Ол өз жұмысымен, мұрасымен бізге әлі шабыт береді, — дейді Массачусетс технология институты медиазертханасының профессоры Фадель Адиб.

Информатикада Фернандо Корбато қалыптастырған заң бар. Корбато заңының мәні мынадай: «Программистің белгілі бір уақыт ішінде жазатын кодтарының жол саны ол қолданған программалау тіліне тәуелді емес».