Алдағы үш күн демалыста ауа райы қандай болады?

Синоптиктердің мәліметінше, тропосфера ағындарының меридионалдан ендік бағытқа ауысуына байланысты Қазақстанға Атлантикадан ауа массалары келе бастады.

Демалыс және мереке күндері республиканың солтүстік облыстарына Ресейдің еуропалық бөлігі мен Батыс Сібірдің солтүстік аймағы арқылы ығысып жатқан циклонмен байланысты атмосфералық фронттар ықпал етеді. Соның әсерінен найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жауады, найзағай кезінде жел дауылға айналып, бұршақ жаууы ықтимал, — деп хабарлады «Қазгидромет» синоптиктері.

Мамандардың мәліметінше, еліміздің оңтүстік облыстарына қазір Азор антициклоны ықпалында тұрған Атлантиканың орталық аймақтарынан ауа массалары жылжып жатыр. Жаздағы ыстық әрі құрғақ ауа райы антициклонға байланысты болады. Сондықтан Қазақстанның оңтүстігінде ауа температурасы көпжылдық мәннен 1-3 градусқа жоғары болады, ал таулы аймақтарда өткінші жаңбыр көп жауады.