Нұр-Сұлтанда 63 жоба «Бизнестің жол картасы-2020» бойынша грант иеленді

Нұр-Сұлтанда «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша мемлекеттік грант иегерлері белгілі болды. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Малика Бектұрова хабарлады.

Комиссияның шешімімен 63 жоба грант жеңіп алды. Конкурсқа 18-60 жас аралығындағы азаматтар қатысты. Малика Бектұрова бағдарламаны іске асыруға жұмсалатын қаржы көлемі 186 миллион теңге болғанын хабарлады.

Әкімнің орынбасары өтінімдерді қабылдау екі айға созылатынын жеткізді. Іріктеу конкурсы төрт күнге созылды. Комиссия бизнес пен қоғам белсенділерінен құралды.

Малика Бектұрованың айтуынша, әкімдік алдағы уақытта гранттар тізімін ұлғайтып, азаматтардың арманын іске асыруға мүмкіндік беруді жоспарлады.