175 жылдығына орай Абайдың 100 өлеңі испан тіліне аударылады

Қазақстан Жазушылар одағының Нұр-Сұлтан филиалының директоры Дәулеткерей Кәпұлының айтуынша, испан ақыны Абайдың 100 өлеңін испан тіліне аударуға келісім берген.

Бұл форумға Еуразия кеңістігіндегі астаналарда тұратын, әлемге есімі белгілі әдебиет тұлғаларды шақырдық. Соның ішінде бүкіл Латын Америкасына танымал, испантілді мемлекеттердің барлығы білетін, шығармалары әлемнің 35 тіліне аударылған ақын Хунте Хорхе Падронды ерекше атауға болады. Ол осыдан екі жыл бұрын қазақтың үш ғасырлық әдебиетін испан тіліне аударып, кітап етіп шығарған еді. Келесі жылы ұлы Абайдың 175 жылдығын тойлағалы отырмыз. Форум аясында Испанияның осы ақынымен Абайдың 100 өлеңін аудару туралы келісімшартқа қол қоямыз, — деді Жазушылар одағының өкілі.

Форум аясында қазақ ақындарын бауырлас елдердің тіліне аудару бойынша да бірнеше келісім жасалмақ.

Сонымен бірге Түркиядан әдебиетші ғалымды шақырдық Ол кісі қазіргі қазақ әдебиетінен 7 кітап аударған. Мен бір-екі мысалын ғана айтып тұрмын. Әйтпесе, бүгінгі форум қонақтарының барлығымен тығыз байланыс орнатуды жоспарлап отырмыз. Форумға Біріккен Араб Әмірліктері Жазушылар одағының, Ауғанстан Ислам Республикасының Жазушылар одағының басшылары қатысып отыр, — деді Дәулеткерей Кәпұлы.

ДереккөзInform.kz