Кинорежиссер, актер, сценарист Ақан Сатаев бөтелкенің қақпағын оң аяғымен теуіп ұшырды. «Туғаннан солақаймын, мектепке дейін оң қолмен жазуды үйрендім. Ал аяғым солақай болып қалды. Сондықтан сол аяқпен маған ыңғайлы, сол кезде қақпақты ұшырар ма едім?» деп жазды ол.
Ақан Сатаевтан флешмобты кино және театр актеры Асылхан Төлепов қабылдады. Ол челленджді әрі қарай Азамат Сатыбалды, Артур Төлепов, Берік Айтжанов, Аян Өтепберген, Еркебұлан Дайыров сияқты актерларға жолдады.
Негізі бұл челленджге алғашқылардың бірі болып таэквондодан әлем чемпионы Әл-Фараби Дәулетшин қосылды, ол екі видео түсірді.
Спортшы әуелі бұл әрекетті пластик бөтелкемен жасаса, екінші ролигі үшін қарындашты қолданды.
Қазақстан әншісі, Ресейдің Black Star лейблінің мүшесі Нәзима Жәнібекова (Наzима) да бұл челленджді қалт жібермеді. Ол көзі жабылған күйінде бөтелкенің қақпағын ұшырды. Оның бұл видеосының астына әншінің оқырмандары «Қазақ ниндзясы», «Талантты адам барлық жерде талантты» деп комментарий жазды.
Ернар Айдар челленджге әншілер арасынан алғашқылардың бірі болып қосылды. Ол бұл видеоны түсірудің қиын екенін жазды.
Вайнер Territima Bottlecapchallenge-ді бірнеше адаммен бірігіп түсіріп, Instagram-парақшасына жүктеді.
Jokeasses вайнерлер тобының мүшелері Бексұлтан Қазыбек, Ахмад Хельми және Жандос Тұңғышбаев те флешмобқа бірігіп қатысты. Бұл челленджі орындаған кезде Жандос Тұңғышбаев киген шорты жыртылды.
Бұл флешмоб қалай пайда болды?
25 маусым күні қазақстандық спортшы Карен Пашикян Instagram-да #Bottlecapchallenge хештегімен видео жариялады. Ол бұл роликке Конор Макгрегор, Джейсон Стейтемді белгілеген. Кейін аралас жекпе-жек шебері мен актер флешмобты іліп әкетті. Instagram-да қазірге дейін #Bottlecapchallenge хештегімен 40 мыңнан аса жазба жарияланған.