Мамандардың мәліметінше, бұл айда синоптика жағдайы жиі өзгереді: батыс антициклондардың енуі оңтүстік циклондардың шығуымен ауысады.

Айдың басында солтүстік өңірлерге Скандинавия аудандарынан циклон ығысады, онымен бірге дауылды жел соғады, жаңбыр, кей жерлерде нөсер жауады, сонымен бірге бұршақ жауып, найзағай ойнайды және дауыл түріндегі жылу алмасу құбылыстары болады. Елдің солтүстігінде, солтүстік-батысында және орталығында ауа температурасы күндіз 17-26 градус жылыға дейін төмендейді. Оңтүстікте қатты ыстықтан кейін ауа температурасы 25-33 градус ыстыққа дейін төмендеп, нөсер жаңбыр жауады. Бірінші онкүндіктің соңына қарай ауа температурасы біртіндеп жоғарылай бастайды, — деп хабарлады синоптиктер.

Шілденің екінші және үшінші онкүндіктерінде сынап бағанасы солтүстік, орталық және шығыс аймақтарда түнде 10-15 градус жылыдан 15-20 градус жылыға дейін, күндіз 25-30 градус ыстықтан 30-38 градус ыстыққа дейін ауытқиды, республиканың оңтүстігі, оңтүстік-шығысы мен батысында түнде температура 15-20 градус жылыдан 20-30 градус жылыға дейін, күндіз 30-38 градус ыстықтан 35-45 градус ыстыққа дейін жоғарылайды.