20-22 маусым. Кей аймақта ауа температурасы 40 градусқа дейін көтеріледі

Синоптиктердің хабарлауынша, Қазақстанның батыс және оңтүстік аймақтарында күн күркіреп, жаңбыр жауады. Ауа температурасы плюс 30-35-ке дейін, кей жерлерде 40 градусқа дейін көтеріледі.

Республиканың оңтүстік-шығысындағы таулы және тау бөктеріндегі аудандарда күн күркіреп, жаңбыр жел екпінімен жауады.

Атмосфералық қысымның жоғарылауы аясында Қазақстанның солтүстік аудандары арқылы өтетін фронттар тек кей жерде найзағай ойнап, қысқа мерзімді жаңбыр жауады, — делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.

20-21 маусымда аралығына Солтүстік Қазақстан облысында ескерту жарияланды. Күн күркіреп, тұман түседі, күндіз желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.