Айбек Нұғымаров қазақ күресінен төрт дүркін әлем чемпионы атанды

Ауыр салмақта күресетін Айбек Нұғымаров қарсыластарын түгел ұтып, қазақ күресінен шыққан тұңғыш төрт дүркін әлем чемпионы атанды. Шығысқазақстандық балуан финалда грузин Левани Матиашвилидің осал тұсын тапты.

Менің тобыма түскендер ең мықтылар болды. Финалдағы грузин балуаны бірнеше рет дзюдодан Еуропа чемпионатында жеңіске жеткен. Бірінші рет кездесіп тұрмын. Ауырлау болды, — дейді әлем чемпионы.

Тартысқа толы қызықты белдесулер түйе балуандар сайысында өтті. Бұл салмақта ел намысын қорғаған Мұхит Тұрсынов үшінші орынға табан тіресе, Айбек Нұғымаров іріктеу белдесуінде ұтылып қалды. Финалда грузиялық Гурам Тушишвили белорус Александр Вахавиактан басым түсіп, қазақ күресінен әлем чемпионы атанды.

«Азия чемпионаттарын жыл сайын өткізіп жатырмыз. Келесі жылға жоспарымыз – екі жылда бір Америка және Африка чемпионаттарын өткізуіміз керек» дейді Дүниежүзілік қазақ күресі федерациясының президенті Серік Түкеев.

Айта кетейік, қазіргі таңда қазақ күресі ресми түрде 30 елден өз өкілдігін ашып, шеберлігі толысқан білекті балуандар қатарын арттыруда.

Дереккөз24.kz