Биыл еліміздегі денсаулық сақтау қызметкерлерінің жалақысы 14%-ке өскен. Олардың сатып алу қабілеті 8%-ке артқан.
2019 жылдың бірінші тоқсанында денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер саласындағы қызметкерлердің жалақысы да өскен. Ол 13,8%-ке артты.
Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, биыл маусымның соңында денсаулық сақтау жүйесінің қызметкерлерінің жалақылары 30%-ке артады. Бірақ оның өсуі қызметкердің біліктілігі мен еңбек өтіліне байланысты.
Сонымен қатар 2019 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша денсаулық сақтау саласындағы қызметтер көлемі — 292,7 миллиард теңге. Бұл көрсеткіш былтырмен салыстырғанда 21%-ке артық.
Биыл 27 ақпанда Nur Otan партиясының XVIII кезекті съезінде Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылдың 1 шілдесінен бастап бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысын 30%-ке арттыруды тапсырған еді. Кейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысын өсіру осы жылдың 1 маусымына ауыстырылды.