Арыс тұрғындарының құжатын рәсімдеуге мобайл ХҚО-лар ұйымдастырылды

Қаладан эвакуацияланған тұрғындарға «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Түркістан облысы мен Шымкент бойынша филиалдарының қызметкерлері қызмет көрсетеді.

Мамандар жергілікті атқарушы билік органдарымен бірлесіп эвакуацияланған тұрғындардың тізімін жасауға жәрдемдесіп жатыр.

Қазір Шымкентте 15 және Ордабасы, Сарыағаш, Қазығұрт, Отырар, Шардара аудандары мен Арыс маңындағы ауылдары үшін 13 эвакуациялау орны жанынан пункттер ашылды. Онда мемлекеттік корпорация қызметкерлері қажет мемлекеттік қызметтерді көрсетіп жатыр. Бұған қоса мобайл Халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істейді.

Тұрғындардың құжатын жөндеу бойынша миграциялық қызмет басқармасымен жедел түрде ықпалдасу ұйымдастырылған.

Мемлекеттік корпорацияның Арыстағы бөлімінің жұмысы тоқтатылған. Онда қызмет көрсететін 55 қызметкердің барлығы отбасыларымен бірге дер кезінде эвакуацияланып, қауіпсіз жерге орналастырылған.

Шымкентте ұйымдастырылған эвакуациялау орындары жанынан құрылған пункттер тізімі:

  1. Жамбыл атындағы №26 мектеп, Зерделі көшесі, 1 б;
  2. Бекзат Саттарханов атындағы спорт мектебі, Алпысбаев көшесі, 116;
  3. Естуі нашар балаларға арналған мектеп-интернат, Аманжол көшесі, 63 в;
  4. Кенесары Қасымов атындағы №33 мектеп, Құрманбеков көшесі;
  5. Ахмет Байтұрсынов атындағы №50 мектеп, Мангелдин көшесі, 41;
  6. №55 мектеп, «Тарлан» шағынауданы, Школьный өткелі, н/з;
  7. №66 мектеп, «Қазығұрт» шағынауданы, Оңдасынов көшесі, н/з;
  8. №53 мектеп, «Қызылжар» шағынауданы, Гагарин көшесі, н/з;
  9. №54мектеп, «Ынтымақ» шағынауданы, Түркістан көшесі, н/з;
  10. №60 мектеп, «Жиделі» шағынауданы;
  11. №61 мектеп, «Ақтас-1» шағынауданы;
  12. №56 мектеп, «Қатын көпір» шағынауданы, Ғафур Ғұлам көшесі, 37;
  13. №87 мектеп, «Самал-3» шағынауданы, Арғынбеков көшесі, 20-23а;
  14. №118 мектеп, Тұрдалы көшесі, н/з;
  15. Индустриалды-техникалық колледж, Гагарин көшесі, 121.

Түркістан облысы бойынша ұйымдастырылған мобайл Халыққа қызмет көрсету орталықтарының мекенжайлары:

  1. Ордабасы ауданы:
  • Ақжол ауылы, Жамбыл мектебі;
  • Төреарық ауылы, Тәуке хан мектебі;
  • Көлтоған ауылы, Ерназаров мектебі.
  1. Монтайтас ауылы, жергілікті және Оңтаев мектептері.
  2. Сарыағаш ауданы:
  • Дарбаза ауылы, Байғозиев және №139 мектептер;
  • Жылға ауылы, Сейфуллин мектебі;
  • Құркелес ауылы, Дастан.
  1. Қазығұрт ауданы:
  • Рабат ауылдық округі;
  • Атбұлақ ауылы, Ж.Каппаров дарын мектебі.
  1. Отырар ауданы:
  • Шәуілдір ауылы, техникалық лицей;
  1. Шардара ауданы:
  • Шардара, №16 колледж. 

Еске салайық, 24 маусымда Арыстағы әскери бөлімшенің территориясында жарылыс болды. Төтенше оқиғадан кейін 39 мың тұрғын қаладан өз бетімен шығып кеткен.

Бұған дейін қаладағы ғимараттардың 80-90%-і бүлінгені мәлім болды. Оқиға салдарынан екі адам қаза тапты.