Арыстағы жарылысқа байланысты 13 пойыздың қозғалысы уақытша тоқтады

«Жолаушылар тасымалы» АҚ жолаушылардың қауіпсіздігі мақсатында Шымкент — Арыс — Тимур аумағындағы 13 пойыздың қозғалысын уақытша тоқтатты. Олар:

1. №378 Маңғыстау — Алматы

2. №382 Уфа — Ташкент

3. №30 Атырау — Алматы

4. №252 Самарқан — Нұр-Сұлтан

5. №85 Нұр-Сұлтан — Сарыағаш

6. №33 Алматы — Ақтөбе

7. №91 Нұр-Сұлтан — Қызылорда

8. №7 Алматы — Саратов

9. №377 Алматы — Маңғыстау

10. №8 Алматы — Саратов

11. №24 Ақтөбе — Алматы

12. №22 Қызылорда – Семей

13. №72 Түркістан – Алматы бағытындағы пойыздар.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ өкілдері жолаушылардан жағдайға түсіністікпен қарауды өтінді.

«Қазақстан темір жолы» АҚ-на қарасты барлық мекеме осы жол торабында қатынайтын жолаушылар пойыздарының қауіпсіздігі үшін алдын алу шараларын өткізіп жатыр. Пойыздардың кешігуі туралы ақпарат вокзал кешендерінде беріліп жатыр. Барлық ақпаратты 105 бірыңғай қоңырау орталығы арқылы да біле аласыздар. Ұлттық тасымалдаушы жолаушылардан түсіністікпен қарауын өтінеді, — деп хабарлады «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз орталығы.

Бүгін, 24 маусымда Арыстағы әскери бөлімшенің территориясында жарылыс болған еді.

Қорғаныс министрінің орынбасары Тимур Дәндібаев Түркістан облысы Арыстағы төтенше оқиға туралы мәлімдеме жасаған болатын.

Арнайы комиссия құрылды. Қазіргі уақытта эвакуация жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сөзсіз, бұл – төтенше оқиға, оның алып жатқан аумағын әлі айта алмаймын, – деді Тимур Дәндібаев журналистерге Сенаттың кулуарында.

Ордабасы аудандық әкімдігі Бөген суқоймасының ашылатыны туралы ақпараттың жалған екенін хабарлап, тұрғындарды сабырлыққа, қауесет сөзге сенбеуге шақырды.

Қазіргі таңда арнайы штаб құрылып, әскерилер мен құқық қорғау органдары төтенше жағдай аймағына келіп жетті.

Оқиғаға байланысты Шымкент төтенше жағдайлар департаментінде “Қауырт желісі” жұмыс істейді. Тәулік бойы 8 7252 44 94 72, 8 7252 35 33 66, 8 7253 35 83 02, 8 7172 53 32 84, 8 7172 53 32 79 телефон нөмірі бойынша ақпарат алуға болады.