Еліміздің барлық өңірінде жолаушылар автобусы спутниктен бақыланады

Осы жылдың соңына дейін қалалық және бағытты автобустарды спутниктен бақылау жүйесі тағы жеті өңірде іске қосылады. Сөйтіп, биыл бұл жүйе еліміздегі барлық 14 облыста түгел қолданылады.

ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Роман Склярдың айтуынша, бұл шара жолаушылар тасымалы сапасын жақсарту үшін қолға алынып отыр.

Қоғамдық көлік қызметі сапасын арттыру үшін Астанада және Алматыда қоғамдық көлік қозғалысына арналған жеке жолақтар, қалалық және қала іргесіндегі бағыттардың спутниктік мониторингі жүйесі енгізілді, «ақылды» аялдамалар мен сараланған тарифі бар электрондық төлем жүйесі орнатылды. Бүгінде еліміздің жеті қаласында автобустарды спутниктен бақылау жүйесі жұмыс істеп тұр. Осы жылдың соңына дейін тағы жеті облыс орталығында осындай жүйені іске қосу көзделіп отыр, — деді Роман Скляр Сенат отырысында.

Оның мәліметінше, министрлік қалаларда 10 мың автобус сатып алу үшін жеңілдікпен несиелендіру бағдарламасын жасаған, соның арқасында автопарк 54%-ға жаңартылады.

Алматы өткен айда Еуропаның ақылды қалалар форумының ең жоғары марапатына ие болған еді.

Алматының қоғамдық көліктегі табыстың ашықтығына цифрлық технологияны пайдалануы, оның әртүрлігі мен қолжетімділігі, сарапшылар мен бизнестің қатысуы, МЖӘ механизмінің ұтымды қолданылуы, экологияны жақсартуға басымдылық беруі сияқты басты критерийлерді атап өтті. Биыл қалада автобус парктерін жаңарту деңгейі 80%-ға жетеді. Жеке инвестиция есебінен үшінші буындағы электробустар шығаратын автобус паркі мен зауыт салынды. Электробустарды қала бағыттары бойынша жүргізу мегаполис экологиясына оң әсер етеді. Осылай Алматы «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасындағы міндеттерді атқарып жатыр.

ДереккөзZakon.kz