20 маусымда ҰБТ тапсырғандардың 76,5 пайызы шекті балды жинады. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігі жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев айтты.
Бес пән бойынша орташа балл 74,2 болды. 9338 түлек шекті балды жинаса, 3434 түлек межеден өте алмады. Жалпы 13 068 түлек қатысады деп жоспарланды, — деді Әділет Тойбаев.
Ұлттық бірыңғай тестілеудің бірінші ағымына республика бойынша 12 772 мектеп бітіруші қатысқан. Тест тапсыруға өтініш тапсырғандардың 75%-ы қазақ тілін, 25%-ы орыс тілінде таңдаған.
Әділет Тойбаевтың айтуынша, мемлекеттік білім гранттары көлемі де мектеп түлектерінің өтінішіне сәйкес бөлінеді. Биыл гранттардың 75%-ы қазақ, 25%-ы орыстілді мектеп түлектеріне арналады.
Талапкердің көбі жаратылыстану пәндерін таңдады. Олар — матемкатика, физика, химия. Ал қыз балалардың көбі биология пәнінен белгілеген, — деді Білім және ғылым министрлігі жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры.
Ұлттық бірыңғай тестілеудің бірінші күні бір оқушы ең жоғары 140 балдың 137-сін жинаған.
Айта кетейік, ҰБТ 20-30 маусым аралығында өтеді. Биыл 117 242 мектеп бітіруші тест тапсыруға өтініш тастаған.