Өскеменде бос орындар жәрмеңкесі өтеді

21 маусымда Өскеменде сағат 11.00-де Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінде ауқымды бос орындар жәрмеңкесі өтеді. Шарада ниет білдірушілерге өңірдегі сұранысқа ие 1000-нан астам жұмыс орны ұсынылмақ.

Жәрмеңкеге облыстың түкпір-түкпіріндегі 70-тен астам ірі кәсіпорын мен мекеме мамандары келеді. Олардың қатарында «Өскемен металлургиялық зауыты», «Эмиль», «Өскемен ұн тарту комбинаты», «Гелиос», «Техбытсервис», «№2 қалалық аурухана» және «Өскемен қаласының арнайы әлеуметтік қызмет көрсету жөніндегі балалар орталығы» мемлекеттік мекемелері және тағы басқалары бар.

Қазір облыс орталығына сатушы, нұсқаушы, энергетик, заңгер, инженер-бағдарламашылар қажет. Сонымен қатар менеджер, супервайзер, сауда өкілдері, оператор, кассир, экспедитор, технолог, электр жабдықтарының мамандары, слесарь, жүргізуші, көгалдандырушы және басқа да маман иелеріне сұраныс көп.

Өскемендегі жұмыс берушілер жалпы 120-дан астам бос жұмыс орнын ұсынады. Семейден 14 кәсіпорын қатыспақ. Риддерден келген жұмыс берушілер өздеріне 20-дан астам жұмысшы іздейді. Оларға әсіресе, медицина қызметкерлері керек. Бородулиха ауданына түрлі санаттағы мұғалімдер қажет.

Бос жұмыс орындарының жалпы саны – 112. Оның 67-сі Глубокое ауданында, 50-і Шемонаихада, 27-сі Зайсанда болса, Катонқарағай ауданында – 10.