Басты бетҚоғамСаусақ ізі...

Саусақ ізі және бет-келбет арқылы мемлекеттік қызмет түрлерін алуға болады

Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» МК-ның қоғаммен байланыс департаментінің директоры Мұрат Жұманбай Facebook-гі парақшасында жазды.

Оның айтуынша, саусақ ізі мен бет-келбетті пайдаланатын «Биометрия» пилоттық жобасы Халыққа қызмет көрсету орталығы мен egov.kz порталында жеке сәйкестендіру паролін сұрағанда қолдануға болады.

Биометриялық база деректеріне тіркелу үшін Нұр-Сұлтанның  EXPO аймағындағы Электрон қызмет орталығына жүгінуге болады, Алматыда Бостандық ауданындағы Халыққа қызмет көрсету орталығы тіркейді, Қызылордада Мұратбаев көшесі 2е, №1 бөлімде тіркелуге болады.

Департамент басшысы саусақ ізі мен бет-келбет арқылы ХҚКО-дағы барлық мемлекеттік қызметті және қоғамдық қол жеткізу орнынан мекенжай анықтамасы мен жылжымайтын мүліктің бар-жоғы туралы екі қызметті алуға болатынын айтады.

Мұрат Жұманбайдың хабарлауынша, дәл қазіргі уақытта биометриялық деректер базасына 14 мың 299 адам тіркелген.