Мемлекет басшысы Алик Шпекбаевты ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы қызметіне тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды.
Алик Жатқамбайұлы Шпекбаев Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасы болып тағайындалсын, — деп хабарлады Ақордада.
13 маусымда Мемлекет қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі екі ведомствоға бөлінген еді. Бұл жарлыққа Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.
Ал Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің басшысы болып Мәжілістің экс-депутаты Анар Жайылғанова тағайындалды.