Мемлекет басшысының жарлығымен Ғали Есқалиев Батыс Қазақстан облысы әкімі қызметіне тағайындалды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Ғали Есқалиевті Батыс Қазақстан облысы әкімі қызметіне тағайындау туралы жарлыққа қол қойды.
Ғали Нәжімеденұлы Есқалиев Батыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалсын, — делінген Ақорданың сайтында жарияланған жарлықта.
Ғали Есқалиев 1970 жылы 6 ақпанда Батыс Қазақстан облысында туған. Білімі жоғары. Батыс Қазақстан аграрлық университетін «экономика», Халықаралық бизнес академиясын «менеджмент» мамандықтары бойынша бітірген.
Еске сала кетейік, мұның алдында Батыс Қазақстан облысы әкімі қызметін Алтай Көлгінов атқарған еді. Ол 2019 жылдың 13 маусымында Президент жарлығымен Нұр-Cұлтан әкімі болып тағайындалды.