Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың сайлау комиссияларының ұсынған мәліметіне сәйкес, 2019 жылғы 9 маусым сағат 20.00-дегі жағдай бойынша тізімге енгізілген сайлаушылардың 77%-ы сайлау бюллетеньдерін алды.
Олардың ішінде:
Нұр-Сұлтан бойынша – 68,3%
Алматы бойынша – 52,2%
Шымкент бойынша – 67,1%
Ақмола облысы бойынша –83%
Ақтөбе облысы бойынша – 84,6 %
Алматы облысы бойынша – 89 %
Атырау облысы бойынша – 71,2 %
Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 84,5%
Жамбыл облысы бойынша – 81,3%
Батыс Қазақстан облысы бойынша – 66,2 %
Қарағанды облысы бойынша – 77,1%
Қостанай облысы бойынша – 84%
Қызылорда облысы бойынша – 77,6%
Маңғыстау облысы бойынша – 68,3%
Павлодар облысы бойынша – 79,5%
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 79,8%
Түркістан облысы бойынша – 84,8%.
Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, 40 елдегі 51 шетелдік сайлау учаскелерінде дауыс беру жалғасып жатыр.
Президент сайлауы 9 маусым күні 07.00-20.00 аралығында өтті. Әкімшілік-аумақтық бірліктер бойынша дауыстарды санау нәтижесі аумақтық комиссиялардың отырыстарында белгіленеді және ОСК-ге екі күнде (2019 жылдың 11 маусымынан кешіктірмей) жеткізіледі.