Батут орнатуды қадағалауға жауапты мемлекеттік орган анықталады

Батутты және жалпы аттракциондарды қолдануды бақылаумен айналысатын мемлекеттік органды анықтау жөнінде ұсыныс әзірленіп жатыр. Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер хабарлады.

Ішкі істер министрі комитетке Премьер-министрге батут қолдануды бақылауды іске асыратын мемлекеттік органды анықтау жөнінде ұсыныс әзірлеуді тапсырды. Министр кеше полиция департаменттерінің, төтенше жағдайлар департаменттерінің басшыларына кәсіпкерлерге батуттарды қолданбау немесе қауіпсіздік шараларын түгел сақтай отырып қолдану туралы кеңес беру формасындағы ұсыныс айтуды тапсырған еді, — деді ол.

Бүгінде қадағалау-бақылау функциясын іске асыратын мемлекеттік органдар көрсетілген Кәсіпкерлік кодексінде аттракциондарды пайдалануды бақылау құзыреті ешқандай органға бекітілмеген. Владимир Беккердің айтуынша, Қарағандының орталық саябағында батут қайғылы оқиға болған күні орнатылған.

Батут бұрын орнатылмаған, оны қолдануға да тыйым да болмаған. Бұл батутты сол қожайындар дәл осы жерде 2018 жылы да пайдаланған, — деді комитет төрағасы.

Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы қайғылы оқиға болған батут қожайынының төтенше жағдайлар қызметінде істегені жөнінде түсінік берді. Ол оқиғадан бес күн бұрын жұмыстан шығарылған.

Тексеру жүргізілді. Оны ешкім бұрынғы күнмен жұмыстан шығармағанына сендіргім келеді. Бұл қызметкер шынымен де 2001-2019 жылдар аралығында жұмыс істеді. Оған жақсы мінездеме берілген. Ол бизнеспен айналыспаған. Бизнеспен оның әйелі айналысқан. 2018 жылы әйелі жеке кәсіпкерлік ашқан. Күйеуі оған көмектескен, полицейлер жауап ала бастағанда, ол, әрине, өзіне күйеуі көмектесетінін айтқан, — деді Владимир Беккер.

Еске салайық, 25 мамыр күні Қарағандының орталық саябағында қайғылы оқиға болды. Күшті жел батутты аударып жіберіп, 11 жастағы бала алған жарақатынан қайтыс болды, тағы екі бала ауруханаға түсті. Үрмелі батутты орнатқан жергілікті тұрғын қамауға алынды.

ДереккөзZakon.kz