Азаматтардың хал актілерін тіркеу органдарының мәліметінше, былтыр қалаларда 235 014 сәби, ауылдарда 162 785 сәби туған. Дүниеге келгендердің 205 224-і, яғни 51,6%-ы — ер балалар. Қыз балалардың саны — 192 575, яғни былтыр туған барлық адамның 48,4%-ы. Мамандардың мәліметінше, дүниеге келгендердің жыныс бойынша арақатынасы 100 қыз балаға шаққанда 107 ұлдан келеді.
Статистиктердің мәліметінше, Қазақстанда 2008 жылмен салыстырғанда туу көрсеткіші 11,6-ға жақсарған (ер балалар 10 жыл бұрынғыдан 12%-ға, қыз балалар 11,1%-ға көп туып отыр). Қалаларда туу көрсеткіші 19,4%-ға, ауылдарда 1,9%-ға жақсарған.
2018 жылы туудың жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 21,77 (2008 жылы 22,75 болды) болды, қалаларда 22,16 (2008 жылы 23,63), ауылдарда 21,22 (2008 жылы 21,75) болды.
Қазақстан өңірлерінің ішінде туудың ең жоғары деңгейі Маңғыстау облысында (1000 тұрғынға шаққанда 29,72 сәби), Нұр-Сұлтанда (27,67) және Шымкентте (27,53) тіркелді. Ең төменгі көрсеткіш Солтүстік Қазақстан (12,93), Қостанай (13,30) және Павлодар (15,72) облыстарында.
Статистика мамандарының мәліметінше, 2018 жылы әйелдердің бала туу кезіндегі орташа жасы 28,7 болды, 2008 жылы 28,1 болған. Қалаларда 29,0 (10 жыл бұрын 27,8), ауылдарда 28,3 (10 жыл бұрын 28,4) болды.
Қазақстанның көп өңірінде әйелдердің бала туатын орташа жасы орташа республикалық деңгейден жоғары болды. Алматыда 29,8 жас, Нұр-Сұлтанда 29,6 жас болды.
(Иллюстрация: Dribbble.com ©Anton Fritsler (kit8)