20 мамырда Қазақстанның көп бөлігінде жаңбыр жауады

«Қазгидромет» РМК мамандарының болжамына қарағанда Алматы облысында найзағай ойнайды, Жалаңашкөл көлі ауданында 17-22 м/с жел соғады. Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында найзағай ойнайды, дауыл тұрады, жел 25 м/с-ке дейін күшейеді, Шығыс Қазақстан облысында бұршақ жаууы мүмкін, Қарағанды облысында тұман түседі.

Қызылорда облысында найзағай ойнап, дауыл мен шаңды дауыл тұрады, бұршақ жаууы мүмкін, жел екпіні 23 м/с-ке дейін күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысында найзағай ойнайды, дауыл тұрады, бұршақ жаууы мүмкін, 15-20 м/с жел соғады. Қостанай облысында найзағай ойнайды, тұман түседі, бұршақ жаууы мүмкін, 15-20 м/с жел соғады. Ақмола облысында найзағай ойнайды, тұман түседі, жел күшейеді.

Жамбыл, Түркістан облыстарында найзағай ойнайды, 15-20 м/с жел соғады, Жамбыл облысында дауыл тұрады, бұршақ жаууы мүмкін. Павлодар облысында найзағай ойнайды, бұршақ жаууы мүмкін, 18 м/с жел соғады.

Ақтөбе облысында 15-20 м/с жел соғады. Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды, Батыс Қазақстан облыстарында 1-3 градус үсік болады. Қызылорда, Түркістан облыстарында дала өрті қаупі күшейеді. Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарында және Алматыға іргелес аумақтарда өзендердің деңгейі көтерілуі мүмкін.