Жауын-шашын мен дауыл: 16 мамырда ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» синоптиктерінің хабарлауынша, Қызылорда облысында шаңды дауыл  тұрады, найзағай ойнайды, солтүстік-шығыстан және шығыстан 23-28 м/с жел соғады, дала өрті қаупі өте жоғары деңгейде күшейеді.

Батыс Қазақстан облысында дауыл тұрады, бұршақ жаууы мүмкін, 15-20 м/с жел соғады. Алматы, Жамбыл, Түркістан, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында 15-20 м/с жел соғады, Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Атырау облыстарында тұман түседі.

Қостанай, Алматы облыстарында және Нұр-Сұлтанда ауа температурасы 3 градус аязға дейін, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарында 6 градус аязға дейін, Шығыс Қазақстан облысында 3-8 градус аязға дейін төмендейді.