Күшті жел мен суық ауа: 17 мамырдағы ауа райына болжам

17 мамыр еліміздің көп бөлігінде жауын-шашынды болады. Оңтүстік-шығыста, орталықта және шығыста ғана жаңбыр жаумайды.

Жел
Фото: Pixelfusion3d/iStock

Бұл күні республика бойынша жел күшейеді, кей өңірлерде найзағай ойнап, тұман түседі, бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік пен солтүстікте дауыл тұрады.

“Қазгидромет” кәсіпорны мамандарының болжамына қарағанда Қостанай облысында тұман түседі, жел күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысында дауыл тұрады, жел екпіні секундына 23-28 метрге жетеді, бұршақ жаууы мүмкін. Қызылорда облысында шаңды дауыл тұрады, жел екпіні 23-28 м/с-ке дейін күшейеді, найзағай ойнайды, тұман түседі, бұршақ жаууы мүмкін, дала өрті қаупі өте жоғары деңгейде болады. Жамбыл облысында 23 м/с жел соғады. Батыс Қазақстан облысында 15-20 м/с жел соғады, бұршақ жаууы мүмкін. Атырау облысында тұман түседі, 15-20 м/с жел соғады. Алматы, Түркістан, Ақмола облыстарында да 15-20 м/с жел соғады. Маңғыстау, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында тұман түседі.

Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында 1-8 градус, Ақмола, Алматы облыстарында, Нұр-Сұлтанда 3 градус үсік болады.

Біздің Telegram-каналымызға жазылыңыз!